Украина Сыртқы істер министрлігі Ресей жаппай басып кіру операциясын бастағанын хабарлады

Украина Сыртқы істер министрлігі Ресей жаппай басып кіру операциясын бастағанын хабарлады

Ресей Украинаға жаппай басып кіріп келді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Twitter-де Украина Сыртқы істер министрлігінің басшысы Дмитрий Кулеба хабарлады.

«Путин енді ғана Украинаға жаппай басып кіруді бастады. Украинаның бейбіт қалаларына шабуылдар жалғасуда. Бұл жаулап алуға бағытталған соғыс», – делінген хабарламада.

Кулеба Украинаның қауіпсіздік күшіне сеніп, жеңеді деп уәде берді.

«Әлем Путинді тоқтата алады және тоқтатуы керек. Украина өзін қорғап, жеңіске жетеді. Әрекет ету уақыты келді», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операция жүргізілетінін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, Ресейдің жоспарына Украинаны жаулап алу кірмейтінін айтты.