Алдағы наурыз айында 12 демалыс күні келе жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Қалыпты демалыс күндерінен бөлек, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мен Ұлттық Наурыз мейрамы күтілуде. Мереке және демалыс күндерінің күнтізбесі электронды үкіметтің ресми порталында жарияланған.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде үш күн қатарынан демалыс бар. 8 наурыз сейсенбі күнімен ұштасып тұрғандықтан, демалыс күні сенбіден (5 наурыз) дүйсенбіге (7 наурыз) ауыстырылды. Осылайша демалыс күндері үш күн қатарынан – 6, 7, 8 наурыз, ал 5 наурыз жұмыс күніне айналады.
Сонымен қатар Қазақстан 21-23 наурыз аралығында Наурыз мейрамын тойлайды. Сенбі мен жексенбі күндерін қосқанда қазақстандықтар бұл мерекеде бес күн – 19, 20, 21, 22, 23 наурыз аралығында демалатын болады.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз