HeadHunter 2021 жылғы еңбек нарығына талдау жасап, Қазақстанда қандай қызметтер тапшы екенін және қай жұмысқа орналасуға жеңіл болатынын анықтады. Қазіргі таңда даяшы, администратор, плакат таратушылық пен жүргізуші қызметінде бос орындар көп.
Айта кетейік, hh.kz сайты жыл қорытындысын жасап, нарықта қандай өзгерістер болғанын анықтаған болатын. Сондай-ақ Қазақстандағы жалақы мөлшері мен түйіндемелер санын және бос жұмыс орындары жайлы білді.
Кəсіби салалар бойынша жұмыс орындарының көбеюі
Кәсіби салалар бойынша келесідей жұмыс орындары кеңейтіледі:
«Карьераның басы, студенттер», «Туризм, қонақ үйлер, мейрамханалар», «Персоналды басқару», «Əкімшілік персонал» жəне «Көлік, логистика».
2021 жылы Қазақстанда орташа жалақы 223 мың теңгені құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 26,6%-ке көп. Қазақстан бойынша орташадан жоғары деңгейдегі ұсыныстары бар бос жұмыс орындары Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Семей, Теміртау, Атырау, Петропавл, Қарағанды жəне Өскемен қалаларында байқалады
Жұмыс берушілерден түсетін ұсыныстардың саны артты
2021 жылы жұмыс берушілер hh.kz сайтында 2020 жылмен салыстырғанда 57%-ке көбірек бос жұмыс орындарына ұсыныс жариялады. Жұмыс орнының саны 350 мыңнан астамға дейін жетті. Ең биік көрсеткіштерді Алматы, Нұр-Сұлтан жəне Шымкент қалалары көрсетуде. Онымен қоса, 2021 жылы еңбек нарығы ұзақ мерзімді эпидемиологиялық шектеулерден кейін тез қалпына келе бастады.
Жұмысқа тұру бойынша өтініштер санының өсуі
2021 жылы бір миллионнан астам жұмыс іздеушілер hh.kz сайтында жұмыс іздеді. Өтініш берушілердің түйіндемелерінің күннен күнге артуы 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда шамамен екі есеге өсті. Әсіресе, Алматы, Нұр-Сұлтан жəне Шымкент қалаларында түйіндемелер жиі жарияланып отырады. Сонымен қатар, түйіндемелердің арасында сату/шот менеджері, сату жөніндегі көмекші/кассир, бухгалтер жəне жүргізуші қызметтеріне сұраныс жиі кездеседі.
Еңбек нарығындағы бəсекелестік
2021 жылы hh.index 2020 жылмен салыстырғанда 27%-ке өсіп, 2,8 құрады. Яғни, бір бос орынға шамамен 3 адам құжат тапсырады деген сөз және бұл нарық үшін қалыпты жағдай.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз