Нұргүл Мауберлинова Президент Әкімшілігіндегі қызметінен босатылды
Нұргүл Мауберлинова Президент Әкімшілігіндегі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.
— Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, — делінген жарлықта.