Жеке сот шешімін орындаушының қызметтері қанша тұрады және кім оларды жалдай алады

Жеке сот шешімін орындаушының қызметтері қанша тұрады және кім оларды жалдай алады

Жеке сот шешімін орындаушыларының міндеті қаржылық мәселелер мен қарыздармен байланысты болуы мүмкін. Алайда, олар қазақстандықтардың ақшасын қайтаруға немесе қажетті төлемдерді де өтеуге көмектесе алады, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Жеке сот шешімін орындаушылар (ЖСО) – сот шешімдерін (атқару құжаттарын) орындаумен айналысатын тұлғалар.

Мемлекеттік сот орындаушысынан айырмашылығы, ЖСО лауазымды немесе заңды тұлға болып табылмайды және мемлекеттік қызметте тіркелмеген.

Олар тек ресми лицензиямен жұмыс істейді, бірақ құқықтары мен міндеттері мемлекеттік сот орындаушысымен бірдей.

Яғни, қазақстандықтар жеке сот шешімін орындаушысын өз қаражатына жалдаё алады. Бірақ ол үшін қызметін растайтын лицензиялық құжаты болуы шарт.

ЖСО қандай қызметтерді ұсынады және құны қандай?

Қазақстандықтар келесідей мәселелер бойынша ЖСО-ға жүгіне алады:

Оның үстіне әр қызмет түрінің жеке тарифтері қарастырылған. Алайда қызметтер құнының басым бөлігін борышкер (сот шешімі бойынша жауапкер) өз қалтасынан төлейді.

ЖСО толық немесе ішінара жұмыс нәтижесі үшін, яғни қарызды қайтарғаннан кейін немесе басқа міндеттемелерді орындағаннан кейін жұмысын аяқтауы мүмкін.

ЖСО қызметтерінің ақысы
Үкіметтің «Жеке сот шешімін орындаушысының қызметі үшін сыйақы мөлшерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес мүліктік (ақшалай) мәселелер бойынша ЖСО-ға жүгінген кезде, бөлек тарифтер қарастырылған. Олардың құны борыш болған қарыз сомасына байланысты.

Мысалы, қарызды қайтаруға байланысты:

Мүліктік емес мәселелер бойынша өтініштер құны:

ЖСО қызметтерінің ең төменгі мөлшерлемесі алимент өндіруге және денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша қарастырылатын іске қатысты.

Демек, төлем төлеушіден өндіріп алуы тиіс соманың тоқсан сайынғы 1 АЕК (2022 жылы 3 063 теңге) құнын құрайтын болады.

Сонымен қатар, ЖСО алимент құнының дұрыстығы мен мерзіміне жүйелі бақылауды орната алады және тоқсанына кемінде бір рет немесе кез келген уақытта талапкердің өтініші бойынша жүзеге асыруға тиіс.

Қазақстандықтар сот шешіміне сәйкес нәтижеге жету үшін, кез келген уақытта жеке сот шешімін орындаушыларына жүгіне алады.

Дегенмен, маман борышкерге ықпал ету шараларын қолдануы үшін, қолында ресми атқару құжаты болуы шарт.