Тоқаев 10-11 ақпанда Ресейге барады

Тоқаев 10-11 ақпанда Ресейге барады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен 10-11 ақпанда Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

— Қасым-Жомарт Тоқаев 10 ақпанда Мәскеуде Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Мемлекет басшылары кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму бағыттарын қарастырады, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы 11 ақпанда Қазанда Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесіп, республикадағы бірқатар ірі кәсіпорынды аралайды.