«Қазақстан халқына» атты қорынан көмек алу үшін өтінішті atamekenim.kz сайтында беруге болады.
Сілтеме арқылы өтіп, қорға өтініш бере аласыз. Өтініш берілгеннен кейін ол сіздің аймағыңызда жұмыс істейтін және сіздің өтінішіңізге ұқсас мәселелермен айналысатын барлық ұйымдарға таратылады. Кез келген ұйым жұмысқа орналасу туралы өтінішіңізді қабылдаған бойда сізге хабарлама келеді және өтінішіңізді қабылдаған ұйымның өкілдері сізбен байланысқа шығады.
Тіпті, қазірдің өзінде сайт көрсеткішінде 398 өтінім берілгені көрсетіліп тұр. Бірақ әлі бірде-біреуі аяқталмаған. Өйткені, қор жақында ғана жұмысын бастаған болатын. Бұдан бөлек тағы 76 өтініштің өзі қарастырылуда.
Өтініш жібергеннен кейін сізге ешкім қоңырау шалмаса не істеу керек?
Бұл жағдайда өтінішіңізді жеке эл. кабинетіңізде тексеруге болады. Егер өтініштің күйі «қайырымдылықты күтуде» деп тұрса, қайырымдылық ұйымдары оны қарап шыққанша күту керек. Өтінішіңіз қабылданғаннан кейін сізге хабарлама жіберіліп, хабарласады.
Сіздің мәселеңіз сайттағы санаттарға сәйкес келмесе не істеу керек?
Кеңес алу үшін 1432 телефон номері арқылы байланыс орталығының қызметкерлеріне хабарласуға болады, олар сізге өтінішті қалай дұрыс толтыру керектігін түсіндіреді.
Егер сізге көрсетілген көмек жеткіліксіз болса, не істеу керек?
Егер сіздің өмірлік жағдайыңыз күннен күнге қиындай берсе, сіз қайтадан көмек сұрай аласыз. Өтініштер санына шектеу жоқ.
Өтініш берілгеннен кейін жауап қайтарылмаған жағдайда не істеу керек?
Бұл жағдайла сіз қайтадан өтініш бере аласыз. Өтініштер санына ешқандай шектеу жоқ екенін жоғарыда айтып кеткен едік. Алайда өтініштің сипаттама бөлімінде мәселеңіз туралы толық әрі нақтырақ айтып беруге кеңес береміз.
Мен басқа адамның орнына өтініш бере аламын ба? Мысалы, туысымның орнына делік
Өкінішке қарай сіз тек кәмелетке толмаған балаңыздың атынан өтініш бере аласыз. Ал қалған өтініш берушілер өз атынан өтініш беруі керек.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз