Алматының бір ауданында екі түн суық су болмайды

Алматының бір ауданында екі түн суық су болмайды

Түрксіб ауданындағы бірқатар үйлерде екі түн суық су болмайды, деп хабарлайды Qazaqpress.

— «Алматы су» МКК мәліметі бойынша, 8 ақпан күні сағат 22:00-ден 9 ақпан күні сағат 06:00-ге дейін Великолукская — Жансүгіров — Сокольский — Палладин — Егоров көшелерінің контурында суық су болмайды.

Сонымен қатар, 9 ақпан күні сағат 22:00-ден 10 ақпан күні сағат 06:00-ге дейін Жансүгіров — Сокольский — Палладин — Запорожская көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер суық судан ажыратылады.

Жаңа су құбырын қолданыстағы сумен жабдықтау жүйесіне қосу үшін суық су қызметіне уақытша шектеулер енгізілген.

Анықтама телефоны: 274-66-66