Ренат Айтаев Мәжіліс аппаратының басшысы болып тағайындалды

Ренат Айтаев Мәжіліс аппаратының басшысы болып тағайындалды

Ренат Айтаев Мәжіліс аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Парламент Палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Бюро отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палата аппаратының жаңа басшысын Ренат Құрметжанұлы Айтаевты таныстырды, — делінген хабарламада.

Айта кетсек, Ренат Айтаев бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілік Басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған.