Алматыда кран құлап, 49 жастағы ер адам мерт болды
Алматыда Таугүл ауданындағы құрылыс алаңында кран құлап, 49 жастағы ер адам мерт болды, деп хабарлайды Qazaqpress.
Бұл туралы қала әкімдігі мен Полиция департаменті мәлім етті.
23 қаңтарда сағат 10.40-та мердігер компания кран айдайтын адаммен бірге кран жалға алғаны белгілі болды.
— Нәтижесінде 49 жастағы қызметкер жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Құрылысындағы ақауға байланыс кран құлаған. Тергеу жүріп жатыр, — деді әкімдік өкілі.