Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Тоқаев Қазақстанға шабуылдағандар туралы айтты

Агзам Текенов by Агзам Текенов
11 января, 2022
Тоқаев Қазақстанға шабуылдағандар туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Байланысты

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен бейнебайланыс режимінде екіжақты келіссөз жүргізді. Виртуалды кездесу еуропалық тараптың бастамасымен өтті.

Өзара достық пен сенімге негізделген әңгімелесу барысында тараптар Қазақстандағы қазіргі ішкі саяси ахуалды және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын талқылады.

Шарль Мишельдің өтініші бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі қазіргі оқиғалардың себептері мен қабылданып жатқан мемлекеттік шаралар жөнінде айтты. Конституциялық құрылымға нұқсан келтіріп, мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылған лаңкестер мен бұзақылардың зорлық-зомбылық әрекеттері туралы айтылды.

Президент қайғылы оқиғаларды аса ауыр басқыншылық әрекет және мемлекеттілігімізге жасалған қастандық деп атады. Сондай-ақ, лаңкестердің әрекеттері салдарынан көптеген құқық қорғау қызметкері мен бейбіт тұрғынның құрбан болғанын, 1300-ге жуық кәсіпкерлік нысанға залал келгенін, 100-ден аса сауда орталығы мен банк тоналғанын, 500-ге жуық полиция көлігі өртенгенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, алдын ала бағалау бойынша экономикалық шығын көлемі — 2-3 миллиард АҚШ доллары.

— Мұның лаңкестік шабуыл екеніне ешқандай күмәнім жоқ. Бұл — Қазақстанға қарсы жақсы ұйымдасқан, әбден дайындалған басқыншылық әрекет. Шабуыл жасағандар ішінде Орталық Азия елдерінен, оның ішінде Ауғанстаннан келген шетелдік содырлар бар. Сонымен қатар, Таяу Шығыстан келген содырлар да бар. Олардың пиғылы біздің аумақты бақылауда ұстайтын хаос аймағына айналдыру, содан кейін билікті басып алу болды. Сондықтан Қазақстанда лаңкестікке қарсы операция басталды, — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағына ҰҚШҰ-ның бітімгерлік күштері құрамының орналасуы жөнінде нақты түсіндіріп өтті.

— Бітімгерлік күштері әскери операцияларға қатыспайтынын ашып айтқым келеді. Олардың негізгі міндеті — Алматы қаласы мен Қазақстан астанасындағы стратегиялық нысандарды қорғау. Бұл қазақстандық күштік құрылымдардың лаңкестерге қарсы іс-қимылдарын жүзеге асыруына мүмкіндік береді. ҰҚШҰ-ның бітімгерлік күштері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 2- және 4-баптарына сәйкес орналасты. Олар Қазақстандағы жағдай толық тұрақтанғанша болады, — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстан өзінің халықаралық міндеттемелерін сақтайтынын айтып, Еуропа Одағының институттарымен және оған мүше мемлекеттермен арадағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін нақтылады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Шарль Мишель еліміздегі кейінгі оқиғалар туралы егжей-тегжейлі білуге мүмкіндік берген осы виртуалды кездесудің зор пайдасы болғанын айтты. Ол Қазақстандағы оқиғаларға қатысты түрлі мәліметтен гөрі осылай шынайы ақпарат алудың маңызды екеніне тоқталды.

— Біз Сіздің еліңіздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдаймыз. Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз, — деді Еуропалық кеңес президенті.

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар сыртқы құрылымдар деңгейінде тұрақты байланыс жасап тұруға уағдаласты.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Как вы можете играть в бесплатные https://russiastyle.ru/frispiny/ игровые автоматы с игорным заведением онлайн

Келесі жаңалық

Жаңалықтарды Kaspi.kz, Halyk Bank,Beeline қосымшаларынан және Qazaqpress сайтынан интернетсіз оқуға болады

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды
Категориясыз

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

14 мая, 2026
Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады
Басты

Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады

13 мая, 2026
Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді
Басты

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

13 мая, 2026
Жетісу облысына 4 жыл: жергілікті маңызы бар 1,6 мың км жол жөнделді
Басты

Жетісу облысына 4 жыл: жергілікті маңызы бар 1,6 мың км жол жөнделді

8 мая, 2026
Жетісуда «Бейбіт елдің қалқаны аты мурал салынды
Категориясыз

Жетісуда «Бейбіт елдің қалқаны аты мурал салынды

7 мая, 2026
Үкімет Абай облысының жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 2,5 млрд теңге бөлді
Басты

Үкімет Абай облысының жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 2,5 млрд теңге бөлді

6 мая, 2026
Келесі жаңалық
Жаңалықтарды Kaspi.kz, Halyk Bank,Beeline қосымшаларынан және Qazaqpress сайтынан интернетсіз оқуға болады

Жаңалықтарды Kaspi.kz, Halyk Bank,Beeline қосымшаларынан және Qazaqpress сайтынан интернетсіз оқуға болады

Сағынтаев: Алматы әуежайы ашылуға дайын

Сағынтаев: Алматы әуежайы ашылуға дайын

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Air Astana 10-шы рет өз аймағындағы үздік әуекомпаниясы ретінде Skytrax сыйлығын жеңіп алды

Air Astana 10-шы рет өз аймағындағы үздік әуекомпаниясы ретінде Skytrax сыйлығын жеңіп алды

23 сентября, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Президент Жаңатас қаласында қаза болған балалардың ата-аналарына көңіл айтты

20 февраля, 2021
Семейде сүйіктісін көлікпен таптап өлтірген күдіктінің ісі сотқа өтті

Семейде сүйіктісін көлікпен таптап өлтірген күдіктінің ісі сотқа өтті

21 мая, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • «Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады
  • TikTok, Meta, Яндекс және басқалары тікелей эфирде: AMDG конференциясының спикерлері жарияланды
  • Microsoft Work Trend Index 2026: ИИ енгізудің тиімділігі компаниялардың жұмыс тәсілін қалай өзгертетініне байланысты

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.