Алматыдан 427 шақырым қашықта жер сілкінді
Алматыдан 427 шақырым қашықта жер сілкінді, деп хабарлайды Qazaqpress.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 427 шақырым қашықта, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.6, магнитудасы – 4.4. Жерасты дүмпуі 15 шақырым тереңдікте болған», — делінген хабарламада.