Сенат депутат Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Сенат депутат Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Qazaqpress.

— Нұрлан Наурызұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы өтініш білдірді. ОСК өтінішті қарап, Сенатқа ұсыныс берді, — деп мәлімдеді Мәулен Әшімбаев Сенат отырысында.

Депутаттар оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді.