«Қызыл» аймақта ешбір өңір жоқ

«Қызыл» аймақта ешбір өңір жоқ
  1. 29 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Qazaqpress коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасына сілтеме жасап.

«Қызыл» аймақта: Ешбір өңір жоқ.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары.