Тоқаев Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен келді

Тоқаев Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы Facebook-парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы жазды.

— Кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің басшылары Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындыларын, көпжақты ықпалдастықты дамытудың және Ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру жоспарланып отыр, — деп жазды Берік Уәли.