Доллар бағамы тағы төмендеді

Доллар бағамы тағы төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 431,61 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ге сілтеме жасап.

27 желтоқсан кешімен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,68 теңгеге төмендеген.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 433, 22 теңге, сатып алу –435, 14 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 432,56 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 434, 10 теңге.