Доллар бағамы төмендеді

Доллар бағамы төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 435,91 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ге сілтеме жасап.

20 желтоқсан кешімен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,45 теңгеге төмендеген.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 437,59 теңге, сатып алу – 439,14 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 437,25 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 438,59 теңге.