Алексей Цой министр қызметінен кетті
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qazaqpress.
Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
Алексей Цой аталған қызметті 2020 жылдың 25 маусымынан бері атқарып келді.