Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqpress Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.
17 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 20 002 адам коронавирус инфекциясынан (-17 392+ және 2 610 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 3 468 пациент стационарда, 16 534 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
• 281 адамның жағдайы ауыр,
• 81 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 63 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.