Досмұхамбетов Хаменованың ұсталуы туралы пікір білдірді

Досмұхамбетов Хаменованың ұсталуы туралы пікір білдірді

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасары Бақытгүл Хаменованың қамауға алынғанын естіп, ренжігенін мойындады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

— Хаменеваның орнын ешкім алған жоқ. Оның қызметі әкімнің орынбасарлары арасында бөлінген. Тергеу жүріп жатыр, тергеуден кейін бәрі белгілі болады. Мен түсініктеме бере алмаймын (Хаменеваға тағылған айыптар бойынша — ескерт.), қазір тергеу жүріп жатыр, — деді Досмұхамбетов үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.

Әкім жақын арада қызметтен кететіні туралы қауесеттерге де жауап берді.

— Менде ондай ақпарат жоқ, естіген жоқпын. (…) Бұл мәселені реттейтін заң бар. Егер орынбасарларымның сыбайлас жемқорлық жасағаны анықталса, онда заңға сәйкес мен отставкаға кетуім керек. Ал оны мемлекет басшысы қабылдайды, — деді Досмұхамбетов.