Алматыда дәрігерлер 64 жастағы ер адамға қайталай болған инсульттан құтқарып қалды

Алматыда дәрігерлер 64 жастағы ер адамға қайталай болған инсульттан құтқарып қалды

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 1957 жылы туған ер адам емделуге жатты.

Құлақтағы шу, басының ауруы, басының айналуы секілді шағымдармен шұғыл түрде жатқызылды. Сырқатнамадан 3 ай бұрын ишемиялық түр бойынша ми қан айналымының жіті бұзушылығымен ауырған.

«Атеросклероз. Сол жақтағы ішкі ұйқы күретамырының стенозы. 4 сатыдағы ХНМК. Пациентті УЗДГ тексерген кезде: сол жақтағы ішкі ұйқы күретамыры сағасының критикалық стенозы. Критикалық стеноз болған себепті, қайталама (инсульттың) жоғары қаупі», — деді тамыр ауруын емдеу хирургы Сұлтан Илиев.

Жергілікті анестезиямен пациентке келесідей операция жасалды: Ангиография. Сол жақ ішкі ұйқы тамырының стент жасау. Дәрігердің айтуынша, жергілікті анестезия пациенттің неврологиялық мәртебесін бақылауға, онымен қатынас жасауға мүмкіндік береді.

«Операциядан соңғы 3-тәулікте пациент амбулаторлық емделу үшін ауруханадан шығарылды», — деді маман.