Google Қазақстандағы 2021 жылғы топ-сұраныстарды ұсынады

Google Қазақстандағы 2021 жылғы топ-сұраныстарды ұсынады

Бүгінгі күні Google 2021 жыл ішіндегі қазақстандық Google пайдаланушылардың ең танымал сұраныстарының жиынтық рейтингін ұсынады. Дәстүрлі түрде жылдың соңында қазақстандықтардың осы жылы бәрінен жиі іздегендерін анықтау үшін миллиондаған іздеу сұраныстарына талдау жүргізілген болатын.

Қазақстанда аяқталатын жылдың ең танымал Google сұранысы «Онлайн мектеп» болды. Қазақстандық Google пайдаланушыларының білім ресурстарына жоғары сұранысы екінші жыл қатарынан сақталып отыр: сұраныстардың алғашқы ондығында ГДЗ, Білім ленд, Күнделік кз кіру және Нұр сабақ тұр. Сондай-ақ қазақстандықтар ұлттық санақ, Еуро-2020 чемпионаты және «Игра в кальмара», «Битва титанов» және «Истинная красота» сериалдары туралы ақпарат іздеген.

Адамдар арасында қазақстандықтар жиі ақпарат іздегендер саясатшылар, бизнесмендер мен селебрити болды. Көшбасшылар арасында саясатшы Алексей Навальный, биші және блогер Азамат Айталиев, әнші МакSим, актер Фархат Абдраимов және бизнесмен Кенес Ракишев бар. Сондай-ақ «Персона» санатындағы топ-сұранысқа  Принц Филипп, Арон Атабек, Ильназ Галявиев, Жан Поль Бельмондо және Саид Губденский кірді.

Қазақстандық Google пайдаланушылардың нұсқасы бойынша  «Веном 2» триллері жыл фильмі болды. Сондай-ақ «Жыл фильмі» санатындағы ең танымал сұраныстардың қатарына «Лига справедливости Зака Снайдера», «Отряд самоубийц 2», «Круэлла» картиналары, «Душа» әсерлі мультфильмі және  Marvel әлемінен «Вечные» жаңа фильмі кірді. Одан басқа,  «Гнев человеческий»,  «Черная вдова», «Красное уведомление» және «Мортал комбат» атыс-шабыс фильмдері ондыққа кірді.

«Сериал» санатындағы көшбасшылар үштігіне танымал болған «Игра в кальмара» сериалы, «Атака титанов» анимесі және  «Истинная красота» дорамасы кірді. Қазақстандықтардың арасында бұрынғысынша Түрік және Оңтүстік Корея сериалдары қалаулы болып қалып отыр, осы жылы ең танымалдар арасында «Королева Чорин» және «Винченцо» дорамалары мен Түріктің «Постучись в мою дверь» сериалы ең танымалдар қатарында. Топ-10-дыққа сондай-ақ Netfliх-тің «Токийские мстители» мен «Обещанный Неверленд», «Джинни мен Джорджия» анимелері және Ресейдің «Трудные подростки» сериалы кірді.

«Сатып алу» санатында 2021 жылы төртінші жыл қатарынан темір жол билеті жеңімпаз болды. Сондай-ақ қазақстандықтар Алматыдан пәтерлер сатып алу, ұшаққа, киноға және Медеуге билеттер, бассейндер, кондиционерлер мен Астанада көмір сатып алу туралы ақпарат іздеген.

2021 жылы Қазақстанда ең көп салынған сұраулардың толық тізімі келесідей:

Ең танымал сұраныстар:

 

  1. Онлайн мектеп
  2. ГДЗ
  3. Білім ленд
  4. Нұр сабақ
  5. Игра в кальмара
  6. Евро 2020
  7. Sanaq gov kz
  8. Атака титанов
  9. Күнделік кз кіру
  10. Истинная красота

 

Фильм:

 

  1. Веном 2
  2. Лига справедливости Зака Снайдера
  3. Отряд самоубийц 2
  4. Круэлла
  5. Душа
  6. Вечные
  7. Гнев человеческий
  8. Красное уведомление
  9. Мортал комбат
  10. Черная вдова

 

Сатып алулар:

 

  1. ТЖ билеті
  2. Алматыда пәтерлер
  3. Ұшаққа билет
  4. Бассейн
  5. Машина
  6. Кондиционер
  7. Медеу билеттер
  8. Сәтті жұлдық онлайн билет сатып алу
  9. Киноға билеттер
  10. Астанада көмір
Персона:

 

  1. Алексей Навальный
  2. Азамат Айталиев
  3. МакSим
  4. Фархат Абдраимов
  5. Кенес Ракишев
  6. Принц Филипп
  7. Арон Атабек
  8. Ильназ Галявиев
  9. Жан Поль Бельмондо
  10. Саид Губденский

 

Сериал:

 

  1. Игра в кальмара
  2. Атака титанов
  3. Истинная красота
  4. Королева Чорин
  5. Токийские мстители
  6. Джинни и Джорджия
  7. Постучись в мою дверь
  8. Винченцо
  9. Трудные подростки 3 сезон
  10. Обещанный Неверленд

 

 

Google іздеу жүйесін пайдаланатын қазақстандықтардың көзімен 2020 жыл осындай болды.