Алматы қаласында көлік төбесіне шығып алғандар іздестіріліп жатыр

Алматы қаласында көлік төбесіне шығып алғандар іздестіріліп жатыр

Алматы қаласында көлік төбесіне шығып алған ережебұзушылар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосы Instagram әлеуметтік желісінде таралды.

— Дерек бойынша тексеріс тағайындалып, оны өткізу Алматы қаласы ПД патрульдік полициясы мамандандырылған батальонының қызметкерлеріне жүктелді. Қазіргі уақытта, құқықбұзушының жеке басы анықталып жатыр, — деп жазды Instagram-да Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов.