4 жалған фирманы басқарған Павлодар тұрғыны сотталды
800 миллион теңгеден астам көлемде мемлекетке залал келтірген Павлодар қаласының тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Qazaqpress Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Агенттіктің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі бойынша Павлодар қаласының тұрғыны П.Ысқақовқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.
«П.Ысқақов екі жыл бойы жосықсыз компанияларға салық төлеуден жалтаруға жәрдемдескен. Заңға қайшы схемаға ол бақылауындағы 4 жалған фирманы – «Трейд Маркет KZ» ЖШС, «ҚазҚызмет 2050» ЖШС, «КазСтокИнвест» ЖШС және «Жолбарыс 2050» ЖШС пайдаланды», — делінген хабарламада.
Айта кетсек, П. Ысқақов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.