Қасым-Жомарт Тоқаев Баталовқа алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Баталовқа алғыс айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Амандық Баталовқа Алматы облысының әкімі ретінде атқарған жұмысына алғыс айтты, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амандық Баталовқа Алматы облысының әкімі лауазымында көп жыл жемісті қызмет атқарғаны, өңірді дамытуға және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді, — деп жазды Берік Уәли.