Алматы облысының әкімі ауысты

Алматы облысының әкімі ауысты

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қызметінен кетіп, орнына Қанат Бозымбаев тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.

— Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын, — делінген Ақорда сайтындағы хабарламада.

Еске салсақ, Қанат Бозымбаев 2019 жылдың 18 желтоқсанынан бері Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып қызмет атқарды.