Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Астана клуб 2021»: екінші күн қорытындысы

- by -
18 ноября, 2021
«Астана клуб 2021»: екінші күн қорытындысы

Екінші күн отырысын «АҚШ-Қытай текетіресі: әлем экономикасы мен геосаясатына әсерлері» және «Батыс vs Ресей: еуразиялық экономикалық одақ үшін салдарлары» тақырыптарына арналған сессиялар ашты.

Байланысты

Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады

Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті

01.04.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

Отырыс «Ауғанстан болашағы және оның орталық азия аймағына әсерлері» сессиясымен жалғасты.

Сессияның модераторы Атлант кеңесінің аға ғылыми қызметкері, Энергетика және қауіпсіздік бағдарламасының (ITIC) директоры Ариэль Коэн болды.

Спикерлер арасында — Лиза Кертис, Жаңа америкалық қауіпсіздік орталығының (CNAS) Үнді-Тынық мұхиты Бағдарламасының Директоры, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісінің орынбасары (2017-2021), Франко Фраттини, Италияның Сыртқы істер министрі (2002-2004, 2008-2011), Еурокомиссияның Вице-президенті және Әділет және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Еурокомиссар (2004-2008), Абдул Кәрім Хурам, Ауғанстан Ислам Республикасы экс-президенті Хамид Карзай Әкімшілігінің бұрынғы басшысы, Лесли Симм, Халықаралық өзара түсіністік форумының (IFOUND) негізін қалаушы және атқарушы директоры болды.

Өз сөзінде Лиза Кертис: «халықаралық қауымдастық Ауғанстанға гуманитарлық апатты еңсеруге көмектесуге тиіс. 23 миллион адамға азық-түлік қажет. БҰҰ мен гуманитарлық ұйымдар жағдайды шешуге қауқарсыз», — деді.

Франко Фраттини сессия қатысушыларының назарын, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Орталық Азия терроризмнен әлі де тиісті дәрежеде қорғалмағанына аударды: «Ресей өзіне аймақтағы жағдайды тұрақтандыру рөлін алғанына қарамастан, Ауғанстанмен шекаралас жерлерде  әлі де шиеленіс ошақтары байқалуда», — деді.

Сарапшылар бүгінде Ауғанстанға гуманитарлық апатпен күресу үшін толық қолдау көрсету қажет екенін атап өтті. Бұл ретте көмектің Ауғанстан азаматтарына жетуін қамтамасыз ету маңызды.

Келесі сессия – «Иран мен Таяу Шығыс: ядролық мәміле және аймақ перспективасы».

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Сессияның модераторы Халықаралық бейбітшілік институтының Вице-президенті, қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғары өкіл (2012-2015), БҰҰ Бас хатшысының орынбасары (2008-2012) Ангела Кейн болды.

Спикерлер: Хьелл Магне Бондевик, Oslo Centre негізін қалаушы, Норвегия Премьер-Министрі (1997-2000, 2001-2005), Ариэль Коэн, Атлант кеңестің аға ғылыми қызметкері, Энергетика және қауіпсіздік бағдарламасының директоры (ITIC), Эдвард Лютвак, ENL Associates Президенті, стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының аға кеңесшісі (CSIS), Тобиас Борк, Таяу Шығыстағы қауіпсіздік жөніндегі бас ғылыми қызметкер, Корольдік Біріккен қорғаныс зерттеулер институты (RUSI), Люк Коффи, Heritage Foundation халықаралық саясат орталығының директоры.

Ариэль Коэннің айтуынша, Қазақстан Таяу Шығыс елдері үшін тартымды серіктес. Сондай-ақ, Қазақстанның ядролық қарусыздану және таратпау моделінің өзгелер үшін маңыздылығы бар.

«Жаңа әлемдік тәртіп немесе технологиялық үстемдік үшін талас» сессияның модераторы  RAND Corporation Халықаралық зерттеулер жөніндегі директоры Кришна Кумар болды.

Сессия спикерлері ретінде РЭНД (RAND Corporation) корпорациясының халықаралық зерттеулер жөніндегі директоры Эван Фейгенбаум, ENL Associates Президенті, стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CSIS) аға кеңесшісі Эдвард Лютвак, профессор, М.В. Ломоносов атындағы ММУ саясаттану факультетінің мемлекеттік саясат кафедрасының меңгерушісі және Бейжің университетінің шақырылған профессоры Владимир Якунин, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік форумының (ISF) Басқарушы директоры Стив Дурбин сөз сөйледі.

Эван Фейгенбаум: «Біз бүгінде технологиялық ағындардың елеулі саяси процестермен байланысты екенін байқап отырмыз. Мен бұған секьюритизация процесі немесе техносфераға басты ден қою деп қараймын. Бүгінгі таңда деректер технологиялары, коммерциялық пайда емес, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан бағаланып  өңделеді. Меніңше, бұл қазіргі заманғы технологиялардың басты әлсіз тұсы», — деді.

Стив Дурбин болса: «Бүгінде барлық жерде ақпарат басымдыққа ие. 2025 жылға дейін адамзат күн сайын 500 зеттабайт ақпарат жасайды. Мен тәулігіне 500 зеттабайт – 500 миллион DVD диск қандай екенін елестетуден қорқамын», — деді.

Айта кетері, Astana Club кейбір отырыстары «Chatham house» ережесіне сәйкес, яғни жабық форматта өтті.

Форум жұмысы 17 қарашада да жалғасады. Үшінші күні «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Назарбаев стратегиясы және Қазақстан мен Орталық Азияның болашағы» сессиясы, Ядролық қауіпсіздік үшін Жаһандық Көшбасшылар Альянсының кездесуі аясында «Түн ортасы аяқ басты: ядролық диалог уақыты» сессиясы және «Үлкен Еуразия: Болашақ әлем көрінісі» атты пленарлық отырыс өтеді.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда кейінгі тәулікте 1083 адамнан коронавирус анықталды

Келесі жаңалық

«Астана клуб 2021». Екінші күн басталды

-

-

Байланысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады
Категориясыз

Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады

16 апреля, 2026
Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті
Категориясыз

Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті

16 апреля, 2026
Категориясыз

01.04.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

16 апреля, 2026
1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
Категориясыз

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

15 апреля, 2026
Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
Категориясыз

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

15 апреля, 2026
Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді
Категориясыз

Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

15 апреля, 2026
Келесі жаңалық
«Астана клуб 2021». Екінші күн басталды

«Астана клуб 2021». Екінші күн басталды

«Астана клубы». Алтыншы отырысының соңғы күні

«Астана клубы». Алтыншы отырысының соңғы күні

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Жеке куәлікті шұғыл жасату бағасы арзандайды

Жеке куәлікті шұғыл жасату бағасы арзандайды

16 октября, 2023
Цифрлық сауаттылық арқылы инклюзия құру: өңірлік ҮЕҰ мүгедектігі бар адамдардың әлеуетін іске асыру үшін қалай көмектеседі

Цифрлық сауаттылық арқылы инклюзия құру: өңірлік ҮЕҰ мүгедектігі бар адамдардың әлеуетін іске асыру үшін қалай көмектеседі

6 июня, 2022
Көкшетау мен Степногордың айналасындағы санитарлық постар алынады

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

24 января, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады
  • Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.