қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Astana Club алтыншы жыл сайынғы отырысы басталды

- by -
Қараша 17, 2021
Astana Club алтыншы жыл сайынғы отырысы басталды

Д.НАЗАРБАЕВА: «ӨЗАРА СЕНІМ РЕЖИМІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ – ҚАЗІРГІ ТАҢДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДАҒЫ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ»

Байланысты

Air Astana IOSA пайдалану қауіпсіздігі бойынша 9-шы аудиттен сәтті өтті

Ақтауда танымал фотограф жоғалып кетті

Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Нұр-Сұлтанда «Пандемиядан кейінгі жаңа әлем» тақырыбында Astana Club алтыншы отырысы басталды.

Алтыншы Astana Club ресми түрде «Коронавирус пандемиясы: қауіп жағдайында қалпына келу, COVID-19 жаңа мутациялары мен бөлінген әлем үшін салдарлары» сессиясымен ашылды.

Оған Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева, «Thinking the Unthinkable» жобасының негізін қалаушы және директоры, Лондондағы Корольдік колледж профессоры, BBC World News жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі (1996-2014) Ник Гоуинг, «Еуразия таңы» бестселлерінің авторы, Flint Global-дың бас кеңесшісі, Португалияның еуропалық істер жөніндегі мемлекеттік хатшысы (2013-2015) Бруно Масаеш, «Біртұтас Грузия-Демократиялық қозғалыс» партиясының Төрағасы, Грузия Президентінің міндетін атқарушы (2003-2004, 2007-2008), Грузия парламентінің төрағасы (2001-2008) Нино Бурджанадзе, Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) Президенті Шиничи Китаока (онлайн), ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаментінің директоры Джихад Азур қатысты.

Диалог алаңы сессияларының жұмысын ашқан Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева: «Біздің клубтың бұған дейінгі отырысы 2019 жылы өтті. Бұл мүлдем басқа дәуірде болғандай. Ол кезде вирустың өршуі әдеттегі өмір тәртібін «жойып», экономиканы тоқтатып, әлем елдерін оқшаулануға мәжбүр ететінін ешкім елестете алмады. Пандемия біздің бәріміздің қаншалықты өзара байланысты және өзара тәуелді екенімізді тағы бір мәрте көрсетті. Бүгінгі таңда халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін  шоғырландыру әдеттегіден әлдеқайда маңызды», – деді.

Ол қазір халықаралық аренада өзара сенім режимін қалпына келтіруге жан-жақты жәрдемдесу қажет екенін атап өтті. «Астана клубының» басты миссиясы да осы.

Оның айтуынша, пандемия әлемдік жүйеде бұған дейін пайда болған өзгерістерді жеделдетті. «Бұл өзгерістер қай бағытта болуы керек деген мәселе бойынша әлемде ортақ пікір жоқ. Біз үшін бүгінде үлкен Еуразиядағы диалогты кешенді қайта жаңғырту қажет екені анық», – деді Дариға Назарбаева.        

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Сессия модераторы Ник Гоуинг те бұл ойды қолдады. Ол: «Әлемде COVID-19-ға байланысты мұндай жағдай болады деп ешкім ойлаған жоқ. БҰҰ Бас хатшысы атап өткендей, біздің планетамыз бүгінде қиын жағдайға тап болды. Бізге мүдделер ымырасы қажет. Экономикадағы және қоғамдағы тұрақсыздықтан, климаттың өзгеруінен және т.б. өзгерістерден туындаған қайшылықтар бар. Елдер арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды нығайту маңызды», – деді.

Ал Нино Бурджанадзе болса, өз сөзінде күш-жігерді біріктіру қажеттігіне аса назар аударды: «Халықаралық ынтымақтастықты қолдау қажет және бұл тұста Қазақстан маңызды рөл атқарады. Мысалы, ядролық қаруға қатысты мәселелерде.  Мен Грузияда вакцинация туралы ақпараттың дұрыс таратылмағанын байқадым, бұл пандемия салдарын күшейтеді. Сондықтан Қазақстандағы Ashyq сияқты белгілі бір жүйе қажет. Бізге үкіметаралық өзара іс-қимыл, COVID-19 таратпау жөніндегі үздік тәжірибемен бөлісу және бірлескен күш-жігерді үйлестіруге мән беру керек».

Өз кезегінде Бруно Масаеш: «Біз еуропалық және америкалық күштің құлдырауын көріп отырмыз, бірақ бұл коллапс емес. Алайда, Ауғанстанда билік қайта бөлінді. Олар сол жерден кетіп қана қойған жоқ, сонымен қатар өз күшінің шектеулі екенін көрсетіп, ауған қоғамын өзгерте алмады. Мұның бәрінің салдары бар. Бұдан не түйдік? Жаһандық тәртіптің эрозиясын көрдік. Бүгінгі таңда түрлі орталықтар өзгелерге ықпал ету үшін бәсекелеседі, ал Еуразияның ауқымды бөлігі кімнің ықпалында екені айқындалмаған.

Біз бүгін әлемге тек өз тарапымыздан ғана қарай алмаймыз, басқалардың пікірін ескеру қажет. Бұл, әсіресе, қуатты державалар үшін қиын. Қазақстан қалыптасқан ахуалға жан-жақты қарауға тырысатын ел, жаһандық деңгейдегі ойыншы. Пандемия бұл трендтті күшейте түсті», – деді ол.

Айта кетері, Astana Club-тың кейбір отырыстарында талқылау «Chatham house» ережесіне сай, яғни жабық түрде өтеді. Еуразия мен әлемнің аса маңызды мәселелері жіті және ашық талқыланады.

Astana Club өз жұмысын 16 және 17 қарашада жалғастырады.

Шара аралас форматта өтіп жатыр: спикерлер офлайн және онлайн қатысады.

Astana Club алтыншы отырысы келесі негізгі бағыттарды қамтиды: жаһанданудың болашағы, әлемдік державалардың мүдделері, әлемдік дамудың сын-қатерлері, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Орталық Азия елдерінің жаңа стратегиясы.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Сұлтан Қамалетдинов қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Келесі жаңалық

Қазақстанда кейінгі тәулікте 1083 адамнан коронавирус анықталды

-

-

Байланысты жаңалықтар

Air Astana Алматыдан Ташкентке ұшқан ұшақтың әуежайға неліктен оралғанын түсіндірді
Категориясыз

Air Astana IOSA пайдалану қауіпсіздігі бойынша 9-шы аудиттен сәтті өтті

Қыркүйек 26, 2023
Ақтауда танымал фотограф жоғалып кетті
Категориясыз

Ақтауда танымал фотограф жоғалып кетті

Қыркүйек 26, 2023
Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Басты

Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Қыркүйек 26, 2023
Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Категориясыз

Оқушы сатыдан құлады: Астанада мектеп директорының үстінен іс қозғалды

Қыркүйек 25, 2023
Жылжымайтын мүлік саласындағы жаңа шешімдер мен трендтер: The Ritz-Carlton-да Almaty CREW Central Asia 2023 форумы өтеді
Категориясыз

Жылжымайтын мүлік саласындағы жаңа шешімдер мен трендтер: The Ritz-Carlton-да Almaty CREW Central Asia 2023 форумы өтеді

Қыркүйек 22, 2023
Депутат Әлия Назарбаева мен «ӨКМ операторы» туралы мәлімдемесін түсіндірді
Басты

Депутат Әлия Назарбаева мен «ӨКМ операторы» туралы мәлімдемесін түсіндірді

Қыркүйек 22, 2023
Келесі жаңалық
Нұр-Сұлтанда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 1083 адамнан коронавирус анықталды

«Астана клуб 2021»: екінші күн қорытындысы

«Астана клуб 2021»: екінші күн қорытындысы

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Наурызды жаңаша тойлау туралы айтты

Тоқаев «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды

Сәуір 27, 2021
Алматы әкімдігі ата-аналарды балаларын онлайн оқытуға шақырды

Алматы әкімдігі ата-аналарды балаларын онлайн оқытуға шақырды

Наурыз 15, 2021
Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Қазан 24, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады

    Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тарыдай шашылған: Әлемде қанша қазақ бар?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы онкологиялық орталығы жағдайында онкологиялық науқастарға қандай көмек көрсетіледі

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ЖСН арқылы тұрғын үйге кезекке тұру үшін не істеу керек: Нұсқаулық

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • Air Astana IOSA пайдалану қауіпсіздігі бойынша 9-шы аудиттен сәтті өтті
  • Ақтауда танымал фотограф жоғалып кетті
  • Қазақстан мен Татарстанның тауар айналымы 597 миллион доллардан асты

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.