Қазақстанда кейінгі тәулікте қанша адамнан COVID-19 анықталды?

Қазақстанда кейінгі тәулікте қанша адамнан COVID-19 анықталды?

Қазақстанда өткен тәулікте 909 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 950 539-ға жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында — 109, Алматы қаласында — 79, Шымкент қаласында – 16, Ақмола облысында – 76, Ақтөбе облысында — 4, Алматы облысында — 61, Атырау облысында — 9, Шығыс Қазақстан облысында — 50, Жамбыл облысында — 15, Батыс Қазақстан облысында -10, Қарағанды облысында — 109, Қостанай облысында — 83, Қызылорда облысында — 7, Маңғыстау облысында — 3, Павлодар облысында — 133, Солтүстік Қазақстан облысында — 135, Түркістан облысында — 10.

Қазақстанда 1 991 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Елімізде барлығы 903 834 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.