Алматыда екі қабатты үй өртенді

Алматыда екі қабатты үй өртенді

Алматыда салынып жатқан екі қабатты үй өртенді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өрт туралы ақпарат Төтенше жағдайлар департаментіне 8 қараша күні сағат 10:41-де түскен.

«Өрт сөндрушілер Бостандық ауданы Мирас Д. 29/1, мекен-жайы бойынша жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты. Өрт сөндірушілер келген сәтте екі қабатты салынып жатқан үйдің мансарды жанып жатты. Өрттің тез таралуына шатырдың тез жанғыш материалдардан салынғаны себеп болды»,- деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетсек, зардап шеккендер жоқ.