Алматы қаласында автобус көше шамының бағанасына соғылды

Алматы қаласында автобус көше шамының бағанасына соғылды

Алматы қаласында автобус жүргізушісі бағанаға соғылып, салдарынан бір жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша, оқиға 23 қазан күні кешкі сағат 21:40 шамасында болған.

«Jaz le» маркалы автобустың жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Тұрғыт Озал көшесінің қиылысында, рульді басқара алмай, көше шамының бағанасына соғылды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Материал Алмалы аудандық полиция басқармасының өндірісінде», — деді Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.