Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ЖЕЭК отырысы өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ЖЕЭК отырысы өтеді

Беларусь Республикасының бастамасы бойынша 14 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

ЖЕЭК отырысы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 17:00-де «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

«Президент ертең, 15 қазан күні онлайн форматта өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады. Бұл халықаралық жиын да Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де тікелей эфир арқылы көрсетіледі», — деп жазды баспасөз хатшысы.