Алматы қаласында көлік қаққан жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметі бойынша, жол апаты 12 қазанда кешкі сағат 21:40-та әл-Фараби даңғылында болды.
«Peugeut 308» көлігі әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытта кетіп бара жатып, Мендіқұлов көшесінің қиылысында жаяу жүргінші қағып кетті. Белгілі болғанындай, ол жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпекші болған. Жол апаты салдарынан 1995 жылы туған ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмды», — деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз