Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды

Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы Мемлекет баcшысының баспасөз хатшысы мәлім етті.

— Сапардың мақсаты – Ақтоғай кен байыту кешенін кеңейту жөніндегі жобаның қорытындыларымен танысу. Мемлекет басшысы өндіріс нысанының инфрақұрылымын аралап көріп, кәсіпорын базасында ашылған екінші кен байыту фабрикасының жұмысын ресми түрде бастауға рұқсат береді, — деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.