Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Қазақ радиосы: көненің көзімен, ұрпақтың сөзімен

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
1 октября, 2021
Қазақ радиосы: көненің көзімен, ұрпақтың сөзімен

30 қыркүйек күні Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Qazaq radiosý-ның 100 жылдық мерейтойы өтті, деп хабарлайды Qazaqpress.

Байланысты

FlyArystan Астана мен Алматыдан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстерді іске қосады

Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады

Ақмола облысы спорттық инфрақұрылымды кеңейтуде – бүгінде 1124 нысан жұмыс істейді

Қазақтың дәстүрі бойынша университеттің «Дала сазы» оркестрі қонақтарды бірінен соң бірін ілтипатпен қарсы алып, басқан ізін әсем күймен жалғастырып отырды. «Адамды қуантатын да, жұбататын да сөз» деп, халық тәмсілімен қазақ радиосының ерен еңбегін түрте отырып, Е. Бәттәшұлы қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойының салтанатты ашылуын бастады. Жиында журналистиканың алпауыт тұлғалары бой көтеріп, студенттерге ыстық ықыластарын білдіріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Радиотанушы-ғалым Намазалы Омашұлынан бастап, ақын, журналист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ойшыбаев Кемелбек, «Қазақстан» ТРК АҚ Басқарма төрайымы Танысбай Ләззат, «Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы — Ректор, ҚР ҰҒА академигі,т.ғ.д., профессор Сыдықов Ерлан, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ф.ғ.к., профессор Сақ Қайрат және де радио саласында еңбегі сіңген барлық тұлғалар ат салысты. Өз мамандығының майталмандары жиналған дүйім жұртқа ыстық ықыластарын білдіріп, тәжірибесімен бөлісті.

Жастар тарихтан сусындап алды. «Дыбыс операторлар күні деп атай береміз бе?» – деген сауалмен Намазалы Омашұлы радионың кешегісі мен бүгінін салыстыра отырып, еске алды. Жүрсін Ерман радионың тәуелсіздікке дейінгі берілген хабарларында айтыс пен өнердің болғаны, рухани және әдеби-мәдени мұраға бай болғаны үшін, «радионы бәрі құлағын түріп тыңдайтын еді» деді.


Сонымен қатар «аттың аласы да бар, құласы да бар» демекші, іс-шара дөңгелек үстелмен жалғасып, Сұлтанхан Аққұлұлы кешегі журналистиканың оңы мен терісі жайлы айтып, қазіргі ұлы тұлғалардың, баяғы жас журналистердің қателіктерін естеріне түсіріп, келешекке нақыл айтқандай болды.

Телерадио журналистикасының ардагері Ғалия Құсайынқызы Балтабай «төл мерекеміз ғой біздің. Әрине, бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де бар. Қаншама осы Qazaq radiosý-ның шығармашылық тобына еңбек еткен журналистер болды, режиссерлер, операторлар болды. Соларды қазір еске ала отырып, олар жетпегенге біз жетіп отырғанына қуаныштымыз». Радионың ғасыр тойымен құттықтап, Ғалия Құсайынқызы «Қазақ радиосы» өзге БАҚ-тан оперативтілігімен және көтерер тақырыбының ауқымдылығымен ерекшеленетінін қоса айтты «көлемі жағынан газет, журналдарға, телевидениеге қарағанда ойын жеткізе алатын бағдарламалар дайындайды».

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Радио саласында 40 жылдай істеп келе жатқан ардагер, «Шалқар» радиосының сенбі, жексенбі күнгі эфирінің дикторы Күләш Шәмшідинова «қазіргі заманда жастарымыз білімді, журналистеріміз білімді. Жалпы ақпарат саласында жұмыс істеп жүрген журналистер болсын, барлық сол ақпарат саласында жұмыс істеп жүргендер жақсы біліммен жетілген» деп бүгінгі таңның журналистикасы қалай дегенмен қарқынды дамып келе жатқанын мойындады.

«Журналистердің жазған хабарын мен жақсылап тұрып, мәнерлеп оқып беруім керек. Менің өмірдегі бар бақытым – сол журналистердің барлық хабарын эфирге әлемі дауыспен, үнмен жеткізу мен өте үлкен қуаныш. Мен соны өзімнің бақытым деп санаймын» деп, журналист пен диктордың арасындағы тығыз байланысын түртіп кетті.
Жиын соңында Әнуарбек Байжанбаев атындағы «Көркемсөз шебері» республикалық дикторлар байқауының жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімін «QAZAQ PADIOLARY» ЖШС Бас директоры Ернұр Бураханды және Қазақ радиосының теориясы мен тарихын қалыптастырған ғалым Намазалы Омашұлына тапсырды.

Tags: 100 жылдық мерейтойQazaq radiosýЕуразия ұлттық университеті
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Кейінгі тәулікте Қазақстанда қанша адам COVID-19 жұқтырды?

Келесі жаңалық

Қарағанды облысы «сары» аймаққа енді

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

FlyArystan Астана мен Алматыдан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстерді іске қосады
Категориясыз

FlyArystan Астана мен Алматыдан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстерді іске қосады

10 ноября, 2025
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
Басты

Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады

10 ноября, 2025
Ақмола облысы спорттық инфрақұрылымды кеңейтуде – бүгінде 1124 нысан жұмыс істейді
Категориясыз

Ақмола облысы спорттық инфрақұрылымды кеңейтуде – бүгінде 1124 нысан жұмыс істейді

9 ноября, 2025
Freedom Holding Corp. компаниясының 2026 ф. ж. алты айдағы түсімі миллиард доллардан асты
Категориясыз

Freedom Holding Corp. компаниясының 2026 ф. ж. алты айдағы түсімі миллиард доллардан асты

8 ноября, 2025
Орталық Азияда жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен күш-жігер
Категориясыз

Орталық Азияда жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен күш-жігер

8 ноября, 2025
Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Groq (АҚШ) есептеу инфрақұрылымын енгізу және ЖИ-шешімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Категориясыз

Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Groq (АҚШ) есептеу инфрақұрылымын енгізу және ЖИ-шешімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

7 ноября, 2025
Келесі жаңалық
Қарағанды облысы «сары» аймаққа енді

Қарағанды облысы «сары» аймаққа енді

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 49 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 49 адам қайтыс болды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстан командасы семсерлесуден Париж Олимпиадасының жолдамасын ұтып алды

Қазақстан командасы семсерлесуден Париж Олимпиадасының жолдамасын ұтып алды

24 марта, 2024
Нашар интернет үшін байланыс операторларына салынатын айыппұл 10 есеге өседі

Нашар интернет үшін байланыс операторларына салынатын айыппұл 10 есеге өседі

10 июня, 2022
Роман Скляр ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді

Роман Скляр ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді

5 апреля, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Талаптарды тағайындау бойынша ҚҚС: Неліктен инкассаторлар мен салық органдары келіспейді?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вейптердің заңсыз онлайн-саудасы: «Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасы аясында зерттеу жүргізілді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Синквейн деген не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТОЛЫҚ КӨЛЕМІН АЛУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ
  • FlyArystan Астана мен Алматыдан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстерді іске қосады
  • Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.