Нұр-Сұлтанда жас қыз суға батып кетті

Нұр-Сұлтанда жас қыз суға батып кетті

Есіл өзенінде кәмелетке толмаған қыз суға батып, қаза болды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетсек, оқиға 30 қыркүйекте болған.

— Шақыру бойынша оқиға орнына дереу полиция жасақтары мен ТЖМ жедел құтқару қызметтері жіберілді. Қаза болған кәмелетке толмаған баланың денесін сүңгуірлер алып шықты. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр, — деді Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.