Тоқаев Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлер мен сот орындаушысын марапаттады

Тоқаев Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлер мен сот орындаушысын марапаттады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы атыстан қаза тапқан полицейлер мен сот орындаушысын марапаттады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап. 

«Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен: Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы (марқұм) — Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы.

Сүлеев Дархан Дауылбайұлы (марқұм) — Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы;

«Ерлігі үшін» медалімен: Әбенов Мұрат Бақбергенұлы (марқұм) — Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшесі, Алматы қаласы», — делінген қаулыда.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.