Алматы облысында парашютпен секіру кезінде әскери қызметші қаза тапты
14 қыркүйек күні Алматы облысында әскери жаттығу кезінде ҚР Қарулы Күштердің әскери қызметкері, 1990 жылғы капитан қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ол парашютпен секіру кезінде опат болды.
— Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшісі, әскери шені «капитан», 1990 жылы дүниеге келген офицер қаза тапты. Туыстарының өтініші бойынша өзге ақпарат жария етілмейді, — делінген хабарламада.
Министрлік баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұрын ол 50 шақты рет парашютпен секірген.
— Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Қарулы Күштердің жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды, — дейді ведомство өкілдері.