Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзарды

Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзарды

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі туралы қаулы өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

— Күдікті Елжан Біртановтың қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініші қанағаттандырылуы тиіс. Күдіктіні үйқамақта ұстау мерзімін 2 айға, яғни 2021 жывлдың 14 қарашасына (қоса алғанда) дейін ұзартылсын, — деді тергеу судьясы Талғат Ақшабаев.

Еске салсақ, Біртановқа 2020 жылдың маусымында санитарлық авиация ұшағын жеке мақсатқа пайдаланып, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, қолданысқа енгізу арқылы қызметтік өкілеттігін асырды деген күдік келтіріледі.