Серікқали Брекешев экология министрі болып тағайындалды

Серікқали Брекешев экология министрі болып тағайындалды

Серікқали Брекешев экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

— Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын, — делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін Серікқали Брекешев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарған болатын.