Серікбай Трұмов Сенат депутаты болып тағайындалды

Серікбай Трұмов Сенат депутаты болып тағайындалды

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Серікбай Трұмов Сенат депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.

— Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, 7 қыркүйекте Президент Серікбай Трұмовты Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатқан.