Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Нұр-Сұлтанда Ауғанстандағы жағдай талқыланды XVII Еуразиялық Медиа Форум көрермендерін тағы нелер күтеді

- by -
9 сентября, 2021
Нұр-Сұлтанда Ауғанстандағы жағдай талқыланды XVII Еуразиялық Медиа Форум көрермендерін тағы нелер күтеді

2021 жылғы 15 — 17 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында XVII Еуразиялық Медиа Форум өтеді. Шара аясында көрермендерді шеберлік кластары мен дөңгелек үстелдер күтеді.

Байланысты

«Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады

TikTok, Meta, Яндекс және басқалары тікелей эфирде: AMDG конференциясының спикерлері жарияланды

Microsoft Work Trend Index 2026: ИИ енгізудің тиімділігі компаниялардың жұмыс тәсілін қалай өзгертетініне байланысты

Бірінші күні, 15 қыркүйекте дәстүр бойынша шеберлік кластары мен дөңгелек үстелдер өткізіледі, оларды онлайн-трансляциядан көруге болады.

Шеберлік кластары форумның әлеуметтік серіктесі — «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен өтеді, оларда «ҮЕҰ және әлеуметтік сторителлинг үшін бейнематериалдар жасау», «Сыни ойлау неліктен соншалықты маңызды?» «Болашақты қалай басқаруға болады?», «БАҚ аудиториясы – өзара іс-қимыл форматтары», «Digital me: әлеуметтік желілерде отыру әдетінен арылып AI және сингулярлыққа кіруге дейін» және «Әлеуметтік маркетинг» сияқты тақырыптар қаралады.

«Біз коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, журналистер, журналистика факультеттерінің студенттері және басқа мүдделі мамандар форумның шеберлік кластарына онлайн қатысады деп күтеміз. Аталмыш шеберлік кластарының күн тәртібін қазақстандық аудиторияға арнап, олар медиа саласындағы соңғы трендтер жайлы хабардар болуы және заманауи құралдарды жұмыста пайдалана алуы үшін ыңғайлап жасадық», — деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының өкілі Іргебаев Мирас.

Бүгінгі таңдағы ең өзекті тақырыптар 2 дөңгелек үстелде талқыланады.

Тақырыптардың бірі: «Түркі тілдес елдердің бұқаралық ақпараттық құралдары. Жаңа шынайылық жағдайында ынтымақтастықты дамыту». Ұйымдастырушылардың айтуынша, бірлескен медиажобалар құру түркі тілдес елдердің БАҚ-тарының серіктестік форматын айтарлықтай кеңейтер еді. Жаһандық күн тәртібіне арналған жедел жаңалықтарды дайындау кезінде бейне, аудиоматериалдар және мәтіндік ақпарат алмасуға ерекше қызығушылық танытып отыр. Ықтималды ынтымақтастықтың осы және басқа аспектілерін беделді спикерлер: тележүргізуші, Әзербайжан президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы Тофик Аббасов, Венгриядан «Дуна» телекомпаниясының директоры Палффи Иштван, Қырғызстаннан «Қабар» ақпараттық агенттігінің директоры Кубанычбек Таабалдиев, өзбек ұлттық телерадиокомпаниясының төрағасы Әлішер Хаджаев және белгілі түрік журналисі және жүргізушісі, NTV шетелдік жаңалықтар бойынша менеджері Ахмет Йешилтепе талқылайтын болады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Дөңгелек үстелдің екінші жаһандық пікірталасы «Жаңа бетбұрыс: Ауғанстандағы оқиғалардың Орталық Азия аймағына әсері қандай болуы мүмкін?» тақырыбындағы талқылау болады.

Алмагүл Ахметжанова, ЕАМФ Бас директоры: «Бұл дөңгелек үстелді қосуға «Талибан» радикалды қозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағына бақылау орнатқанын жариялаған 15 тамыздағы оқиғалар түрткі болды. Ел тарихының қайтып оралмастай өзгеріске қалай ұшырап жатқанын дүние жүзі демін ішіне тарта бақылап отыр. Біз бұл мәселеден қалыс қалмай, Орталық Азия аймағында орын алып жатқан осы оқиғаларды талқыға салу үшін сарапшылар шақырдық».

Дөңгелек үстелдің спикерлері Азия зерттеулері институтының директоры Сұлтан Әкімбеков, Өзбекстаннан «Ma’no» Зерттеу бастамалары орталығының директоры Бахтияр Эргашев, АҚШ-тағы Пәкістанның бұрынғы елшісі және Гудзон институтының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша аға ғылыми қызметкері және директоры Хусейн Хаккани, Тәжікстаннан саяси ғылымдар кандидаты Саймидин Мирзоев болады. Дөңгелек үстелдің модераторы — қазақстандық дипломат, тарих ғылымдарыынң кандидаты, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы Қайрат Әбусейітов.

Екінші және үшінші күндері ЕАМФ-2021 көрермендерін 8 сессия күтеді:

  • Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сессия»;
  • «Пандемия әлемді қалай өзгертті және жаһандық өмір сүрудің жаңа бағыттарын қалай анықтады?!»;
  • «Ақпарат көп – шындық аз»;
  • «Жасыл стратегия. Тағы бір соңғы мүмкіндік».
  • «Ашушаңдық дәуірі. Әлемді билеп тұрған кім?»;
  • «Медиа және технологиялар. 2021 трендтері»;
  • «Еңбек нарығының болашағы және білім»;
  • «Орындалған келешек әлемі».

Панельдік сессиялардың спикерлері: ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі Бесінші Өкілі Тереза Рибейру, режиссер және продюсер Тимур Бекмамбетов, тележүргізуші және журналист Ксения Собчак, ғалым, философ, футуролог, бестселлерлердің авторы, «виртуалды шынайылық» терминінің авторы Джарон Ланье, Google-дің машиналық оқыту бойынша 17 жасар сарапшысы, IBM бойынша кеңесші инженер –программист Танмай Бакши, Кремний алқабындағы цифрлық революция саласының сарапшысы Эндрю Кин, журналист және «подкаст» терминін ойлап табушы Бен Хаммерсли, адам тәріздес роботтар құрастырушы Хироси Исигуро, адам тәріздес роботтар құрастырушы Евгений Черешнев,  Netflix-тегі көптеген марапаттаулар жинаған «A Plastic Ocean» деректі фильмінің авторы Джо Ракстон, эпидемиолог, инфекциялық аурулардың таралуын бақылау және алдын алу саласының сарапшысы Михаил Фаворов, сонымен қатар Euronews, Bloomberg, Mash, EUObserver өкілдері және басқалар.

eamedia.org сайтында қатысушыларды тіркеу ашылды, тіркеу трансляция, спикерлер және сессиялар туралы ақпарат алу мүмкіндігін береді. Трансляцияны көруге сілтеме тіркелген қатысушыларға іс-шара қарсаңында жіберілетін болады.

ЕАМФ Бас серіктесі «Самұрық-Қазына» АҚ.

Әлеуметтік серіктес — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Ресми серіктестер – Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы және Halyk Bank.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Студенттер пәтер жағалап жүр

Келесі жаңалық

Қазақстанда тағы 4 106 адам COVID-19 жұқтырды

-

-

Байланысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады
Категориясыз

«Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады

21 мая, 2026
TikTok, Meta, Яндекс және басқалары тікелей эфирде: AMDG конференциясының спикерлері жарияланды
Категориясыз

TikTok, Meta, Яндекс және басқалары тікелей эфирде: AMDG конференциясының спикерлері жарияланды

21 мая, 2026
Microsoft Work Trend Index 2026: ИИ енгізудің тиімділігі компаниялардың жұмыс тәсілін қалай өзгертетініне байланысты
Категориясыз

Microsoft Work Trend Index 2026: ИИ енгізудің тиімділігі компаниялардың жұмыс тәсілін қалай өзгертетініне байланысты

21 мая, 2026
Қазақмыста өмірді сақтайтын 5 минуттық жиналыстар өтті
Категориясыз

Қазақмыста өмірді сақтайтын 5 минуттық жиналыстар өтті

21 мая, 2026
Alatau City Garant алғашқы ұшқышсыз әуе таксиін және Alatau City-ге жеткізуші дрондарды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant алғашқы ұшқышсыз әуе таксиін және Alatau City-ге жеткізуші дрондарды сақтандырды

20 мая, 2026
Қазақмыс Жыланды кенішін дамытып, кеншілердің еңбек жағдайын жақсартып жатыр
Категориясыз

Қазақмыс Жыланды кенішін дамытып, кеншілердің еңбек жағдайын жақсартып жатыр

20 мая, 2026
Келесі жаңалық
Нұр-Сұлтанда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды

Қазақстанда тағы 4 106 адам COVID-19 жұқтырды

Қазақстанда студенттер, магистранттар және докторанттар шәкіртақысы өседі

Қазақстанда студенттер, магистранттар және докторанттар шәкіртақысы өседі

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Жұлдызды спикерлер: 11-12 сәуірде Алматыда «MBA 2 күнде» бизнес-форумы өтеді

Жұлдызды спикерлер: 11-12 сәуірде Алматыда «MBA 2 күнде» бизнес-форумы өтеді

1 апреля, 2025
Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

Қазақстанда доллар бағамы өсті

16 марта, 2021
Әсел Сәдуақасова дәрігердің бір сөзі өмірін өзгерткенін айтты

Әсел Сәдуақасова дәрігердің бір сөзі өмірін өзгерткенін айтты

8 сентября, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • «Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады
  • TikTok, Meta, Яндекс және басқалары тікелей эфирде: AMDG конференциясының спикерлері жарияланды
  • Microsoft Work Trend Index 2026: ИИ енгізудің тиімділігі компаниялардың жұмыс тәсілін қалай өзгертетініне байланысты

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.