Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді

Агзам Текенов by Агзам Текенов
8 сентября, 2021
Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді

ҚР Ішкі істер министрлігі мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Әртүрлі санаттағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алуға теориялық және практикалық емтихандарды қабылдауды оңтайландыру» пилоттық жобасын іске қосу туралы бірлескен бұйрық шығарды, деп хабарлайды Qazaqpress.

Байланысты

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

«2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде «Әртүрлі санаттағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алуға теориялық және практикалық емтихандар қабылдауды оңтайландыру» пилоттық жобасы өткізілсін», — деп жазылған бірлескен бұйрық жобасында.

Жаңа құжат бойынша емтихан тапсыру тәртібі мынадай:

-Теориялық емтихан тапсырмаған жүргізуші практикалық емтиханға жіберілмейді. Теориялық емтихан да практикалық емтихан да қайтадан тағайындалу үшін алдыңғы емтихан өткізілген күннен бір жұмыс күні өтуі керек.

— Теориялық емтихан оператордың қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ айқындайтын тәртіппен өткізіледі. Оператор емтихан тапсырушылардың белгіленген талаптарды сақтауын бақылауы тиіс.

-Теориялық емтиханды тапсыру үшін емтихан күнінен кемінде бір күн бұрын (жұмыс күні) «электрондық үкімет» порталы арқылы, порталдың интеграциялық сервистері арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы өтініш бере алады.

— Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде емтихан тапсырушы жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынады.

— Оператор жеке басты куәландыратын құжатты не электрондық құжатты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстырып тексереді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

— «Емтихан тапсырушының» жеке кабинетінде» не порталдың тиісті интеграциялық сервисінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

— Емтихан алушы практикалық емтихан тапсыру үшін теориялық тестілеу күнінен кемінде бір күн (жұмыс күні) бұрын емтихан тапсыру орнын, күні мен уақытын өзі таңдайды.

-Тестілеуге өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты не электрондық құжаты бар жүргізушілікке үміткер жіберіледі. Емтихан алушының жеке басын сәйкестендіру емтихан алушының биометриялық деректерін мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстыру арқылы жүргізіледі.

— Тестілеу басталғанға дейін оператор емтихан алушы үшін нұсқама өткізеді және туындаған сұрақтарға жауап береді.

— Егер емтихан алушы теориялық емтихан тапсырар алдында өзін нашар сезінсе, операторға хабарлауы тиіс. Бұл жағдайда мұндай емтихан алушыдан емтихан қабылдау осы күнгі басқа уақытта немесе кестеге сәйкес басқа күні жүргізіледі.

-Емтихан тестінде 40 сұрақ бар. Әр сұраққа бірнеше жауап беріледі, солардың ішінен дұрысын таңдауы керек. Емтихан алушының қалауы бойынша теориялық емтиханды қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде тапсыруға жол беріледі.

-Емтихан тапсырушының басқа кандидаттармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз, электронды және басқа ақпарат құралдарында ақпаратты пайдалануға, бөлмеден шығуға болмайды.

— Емтихан алушылардың ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды алып кіруіне және кіргізуіне жол берілмейді. Мұндай құрылғылар теориялық емтиханды қабылдау кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақталады. Теориялық емтихан сәті бақылау камерасына жазылады.

-Бұл талаптар бұзылса, оператор емтихан тапсыру процесін тоқтатып, емтихан қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру ережелерін бұзу туралы акт жасайды.

-Емтихан алушының биометриялық деректерін мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстыру нәтижелері бойынша сәйкессіздік анықталса, бұл адам емтиханға жіберілмейді. Ал оператор емтихан тапсырушының жеке басын сәйкестендіруден өтпегені туралы актіні мемлекеттік корпорация анықтайтын нысанда жасайды.

-Емтиханға бөлінген уақыт өткеннен кейін теориялық емтиханды тапсыру автоматты түрде тоқтатылады.

-Дұрыс жауаптарды есептеу компьютерлік тестілеу бағдарламасының көмегімен автоматты түрде жүзеге асырылады. Емтихан аяқталғаннан кейін емтихан алушы компьютер экранында көрсетілген теориялық емтиханды тапсыру нәтижелерімен танысады.

-Теориялық емтиханды тапсыру нәтижелері туралы деректер емтихан алушының порталдағы жеке кабинетіне, сондай-ақ порталдың тиісті ақпараттық жүйелері мен интеграциялық сервистеріне беріледі. Теориялық емтиханды тапсыру нәтижелері оны тапсырған күннен бастап бір жыл бойы жарамды.

-«А», «В» санаттарындағы, «А1», «В1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алуға өз бетінше даярлықтан өткен жүргізушілікке үміткерлер теориялық емтихан тапсыру кезінде практикалық емтихан тапсыру кезінде үш рет теріс баға алса, алты айдан кейін ғана қайта тапсыра алады. Практикалық емтихан тапсыру кезінде үш рет теріс баға алған жағдайда теориялық емтихан нәтижелері автоматты түрде жойылады.

Құжат жобасы 22 қыркүйекке дейін «Ашық НҚА» сайтында талқыланады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Әсел Сәдуақасова дәрігердің бір сөзі өмірін өзгерткенін айтты

Келесі жаңалық

Студенттер пәтер жағалап жүр

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
Категориясыз

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

9 мая, 2026
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді
Категориясыз

Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

8 мая, 2026
FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады
Категориясыз

FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады

8 мая, 2026
FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі
Категориясыз

FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі

8 мая, 2026
Келесі жаңалық
Студенттер пәтер жағалап жүр

Студенттер пәтер жағалап жүр

Нұр-Сұлтанда Ауғанстандағы жағдай талқыланды XVII Еуразиялық Медиа Форум көрермендерін тағы нелер күтеді

Нұр-Сұлтанда Ауғанстандағы жағдай талқыланды XVII Еуразиялық Медиа Форум көрермендерін тағы нелер күтеді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Тоқаев Германия президентімен Украинадағы жағдай туралы сөйлесті

Тоқаев Германия президентімен Украинадағы жағдай туралы сөйлесті

8 марта, 2022
2024 жылғы АЕК мөлшері аталды

2024 жылғы АЕК мөлшері аталды

21 августа, 2023
ШҚО-да пойызға отыру үшін ПТР анықтама талап етілмейтін болды

ШҚО-да пойызға отыру үшін ПТР анықтама талап етілмейтін болды

16 декабря, 2020

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
  • Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
  • Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.