Асқар Мамин: Мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтау қажет

Асқар Мамин: Мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтау қажет

Мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтау қажет, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,97. Ауруханалардағы орын 53 және реанимациялық бөлімдері 47 пайызға пайызға жүктелген. Вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 6,1 млн. адамнан асты, екінші компонент 4,8 млн-нан астам адамға салынды.

Оқу жылына дайындық аясында мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтап, оқу орындарының дайындығын бақылауды күшейту қажет», — деді Асқар Мамин.