Емтихан кезінде бөгде тұлғаларды анықтау, тыйым салынған заттарды алып кіру мен оларды пайдалану сияқты заңбұзушылықтар туралы Ұлттық тестілеу орталығы үнемі хабардар етіп отырады, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
— Ереже бұзылған жағдайда, ақпарат автоматты түрде, орталықтың қарасты Министрлігінің келісімінсіз одан әрі қарастырылу үшін құқық қорғау органдарына тапсырылады. Бірақ ҰТО түлектердің білім алған мектебі мен олардың ата-аналары туралы мәліметтерді анықтамайды.
Бұл ҰБТ өткізу ережелеріне енгізілген өзгерістер және екі жыл бойы жүзеге асырылып келе жатқан жұмыс.
— Айта кетелік, өткен жылы осы норманы қабылдап, бейнежазбаларды алғаш рет қарастырған соң тағайындалып қойған гранттардың күші жарамсыз болып танылды. Ағымдағы жылы да бейнежазбаларды тексергеннен кейін 19 талапкердің нәтижесі жойылды. ҰБТ аяқталып, гранттар тағайындалғаннан кейін, ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері талапкерлердің қатысуымен бейнежазбаларды қарастырады. Бірінші, 100-ден астам балл жинаған түлектердің бейнежазбалары тексеріледі. Сонымен қатар басқа да жағдайлар қарастырылады.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз