Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 123 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 123 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 123 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqpress ВАК-қа сілтеме жасап.

Министрлік мәліметі бойынша, 14 тамызда коронавирус жұқтырғаны расталған 98 адам қайтыс болған. ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 25 адам пневмониядан қайтыс болды.

Сондай-ақ, 16 тамыздағы мәлімет бойынша 119 547 адам коронавирус инфекциясынан (114 790 КВИ+ және 4 757 КВИ-) емделіп жатыр.