Алакөлде гидроцикл қаққан 40 жастағы ер адам көз жұмды
Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл демалыс орнында гидроцикл қаққан 40 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 8 тамыз күні 27 жастағы әйел гидроциклмен адамды қаққан.
— 40 жастағы семейлік азамат сол жерде бірден жантәсілім етті. Оның 11 жастағы қызы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Үржар аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалған.