Қарағандыда карантинде той жасады деген шенеунік қызметінен босатылды

Қарағандыда карантинде той жасады деген шенеунік қызметінен босатылды

Қарағанды облысының Жер қатынастары басқармасының басшысы Калел Мақсұтов тойға қатысты тексеріс жүргізілгеннен кейін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кетсек, Мақсұтов карантин кезінде қызының тойын өткізді деп айыпталды. Әкім шешімді Қарағанды облысы әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте мәлім етті.

— Бүгіннен бастап жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мұқатайұлы Мақсұтов карантинді өрескел бұзып, пандемия кезінде той ұйымдастыруға байланысты қызметінен босатылды. Мен тағы да ескертемін: мұндай заңсыздықтар үшін жаза өте қатал болады. Мұнда мемлекеттік қызметкердің этикасының барлық нормасы бұзылған. Өңірде коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты құнсыздандырмаңыз. Тұрғындардың көңілін қалдырмаңыз. Қызметкер мәртебесі немесе жұмыс орнына қарамастан жауапкершілікке тартылады, — деді Жеңіс Қасымбек.