— Берік Шәріп 287-баптың 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 2 миллион 778 мың теңге сомасында 1000 АЕК айыппұл тағайындалсын. Берік Шәріп 361-баптың 4-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасауда кінәсіз деп танылсын және оның іс-әрекеттерінде қылмыс құрамы болмағаны үшін ақталсын. ҚК-нің 62-бабы 3-бөлігі 4-тармағына сәйкес айыппұл түріндегі жаза мерзімі 2020 жылғы 12 тамыздан бастап 2021 жылғы 4 тамызға дейінгі кезеңде айыппұл түріндегі жазаны өтеудің 4 АЕК үшін күзетпен ұстау уақытының бір күні есебімен қамауда ұстау уақыты есептелсін. Берік Шәріпке тағайындалған жаза өтелді деп есептелсін және ол сот отырысында қамаудан босатылсын. Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы жойылсын – деген қаулы шығарды сот өкілі.
Айта кетелік, «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы сот отырысында соңғы сөзін айтқан болатын. Ол бүкіл денсаулық сақтау саласы мен ел үшін өте қиын уақытта жауапкершілікті өз мойнына алып, шешім қабылдағанын және сол үшін 11 жарым айдан аса тергеу изоляторында отырғанын айтты.