қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Қоғам

Алматы облысының өндірушілері мен ірі сауда желілері тікелей өткізу туралы келісімге келді

Агзам Текенов by Агзам Текенов
Тамыз 4, 2021
Алматы облысының өндірушілері мен ірі сауда желілері тікелей өткізу  туралы келісімге келді
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Алматы облысының тауар өндірушілері мен ірі сауда желілері арасында өнімді тікелей өткізу туралы келісім жасалды, деп хабарлайды Qazaqpress.

Байланысты

Жаңаөзен тұрғынын түнгі клубта өлтірді деген күдікті екі айға қамауға алынды

Жетісу өңірінде бойжеткен трансформаторға шығып, есеңгіреп қалды

Тоқаев балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кеткенін айтты

Бұл туралы күнбағыс майы, күріш және сиыр етін өндірушілері, ірі сауда желілері және Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдіктері арасында жасалған меморандумға қол қою барысында белгілі болды.

«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ ұйымдастырған кездесуде «Жетісу» ӘКК Басқарма төрағасының орынбасары Азамат Рахимов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Кикимов бастаған делегация Талдықорған қаласы мен Балқаш ауданының кәсіпорындарында болып, ірі сауда желілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тікелей жеткізу туралы келісімдерге қол жеткізді. Өнім алматылықтар мен Алматы агломерациясының тұрғындары үшін белгіленген баға бойынша қолжетімді болады. Корпорация өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыруға бағытталған.

«Бұған дейін маусым айында «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өндірушілерімен, сауда желілерімен бірлескен кездесу ұйымдастырып, оның қорытындысы бойынша сүт және сүт өнімдерін, қант, жұмыртқа және басқа да азық-түлік өнімдерін тікелей жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Біздің мақсатымыз -Алматы облысының өндірушілеріне сауда желілерімен өзара байланысты күшейтуге және өнімдерді өткізу бойынша келісімшарт жасауға көмектесу. Бүгін сондай-ақ «Жетісу Мажико» агрокешені» ЖШС, «Динара Ranch» ЖШС, «Бірлік Агрофирмасы» ЖШС, «Тамшы – бұлақ» ЖШС және «Magnum Cash&Carry», «Скиф Трейд» сияқты ірі сауда желілерінің өкілдері, өңірлер әкімдіктері арасында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды», – деді «Жетісу» ӘКК Басқарма төрағасының орынбасары Азамат Рахимов.

Сонымен бірге жұмыс сапары аясында жергілікті тауарөндірушілерге мемлекеттік қолдау тетіктері, атап айтқанда, айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген несиелендіру ұсынылды. Қаражат өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға тиіс.

«Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполистің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бұл ерекше бақылауда тұрған стратегиялық маңызды мәселе. Бүгін біз ет, май және күрішті жеткізу туралы меморандумға қол қойдық. Алдағы маусымаралық кезеңде 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың сәуіріне дейін құны 2,5 млрд теңгеге 22 мың тонна көкөністі «форвардтық» сатып алу шартын жасастық», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Кикимов.

Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру мақсатында тұрақтандыру қорын толтыруға және кәсіпкерлік субъектілеріне, сауда кәсіпорындарына, сондай-ақ өңірдің тауарөндірушілеріне жеңілдетілген несие беру мақсатында бюджеттен 3 млрд теңге бөлінген. Несие алған кәсіпкерлік субъектілері бағаны ұстап тұруға міндеттенеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу үшін «Toimart» ірі сауда желісі, «Когер Лтд» ЖШС, «Ақсайнан» ЖШС, «Ақсукант» ЖШС, «Ляззат-2016» ЖШС және басқа да өндірушілерге жеңілдетілген несие берілді.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда әл-ауқаты нашарлаған халықтың үлесі артқан

Келесі жаңалық

Сархат Бейсенова: Елордада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып қала береді

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Жаңаөзен тұрғынын түнгі клубта өлтірді деген күдікті екі айға қамауға алынды
Қоғам

Жаңаөзен тұрғынын түнгі клубта өлтірді деген күдікті екі айға қамауға алынды

Мамыр 24, 2023
Жетісу өңірінде бойжеткен трансформаторға шығып, есеңгіреп қалды
Қоғам

Жетісу өңірінде бойжеткен трансформаторға шығып, есеңгіреп қалды

Мамыр 24, 2023
Тоқаев балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кеткенін айтты
Қоғам

Тоқаев балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кеткенін айтты

Сәуір 19, 2023
Ұлытау облысының елтаңбасы бекітілді
Қоғам

Ұлытау облысының елтаңбасы бекітілді

Қаңтар 19, 2023
Ел еркіндігі еркін өмірде
Басты

Ел еркіндігі еркін өмірде

Желтоқсан 15, 2022
Алматы прокуратурасы танымал вайнерлерге қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады
Басты

Алматы прокуратурасы танымал вайнерлерге қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады

Желтоқсан 13, 2022
Келесі жаңалық
Сархат Бейсенова: Елордада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып қала береді

Сархат Бейсенова: Елордада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып қала береді

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Кейінгі тәулікте Қазақстанда қанша адам COVID-19 жұқтырды?

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 12 адам жұқтырған

Наурыз 24, 2022
Сәбиін дәретханаға тастаған келіншек ұсталды

Сәбиін дәретханаға тастаған келіншек ұсталды

Желтоқсан 3, 2020
Меруерт Түсіпбаева Олимпиадада жеңілген спортшылар жайлы пікір білдірді

Меруерт Түсіпбаева Олимпиадада жеңілген спортшылар жайлы пікір білдірді

Шілде 30, 2021

Топ жаңалықтар

  • Шойбекова Райкул Манапқызы

    Шойбекова Райкул Манапқызы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық дәрігерлер салмағы 10 кг асатын ең үлкен миоманы әйел жатырынан алып тастады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Инфаркт кезінде алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіні жайлы кардиолог мәлімдеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да 65 жастағы пациентке жүректің жасанды сол жақ қарыншасы имплантталды (LVAD)

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті
  • Алматы қаласының спорт басқармасының бұрынғы басшысы мен тағы үшеуі сыбайлас жемқорлық ісі бойынша түрмеге қамалды
  • Абай ауданындағы орман өрті локализацияланған

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.